Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне ие болды

Керлинг, 2025 жылғы Азия ойындары, Қазақстан құрамасы, Қатар, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 22:25 Сурет: Харбиндегі Азия ойындарының ұйымдастыру комитеті
Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Әзізбек Нәдірбаев Қатар құрамасымен кездесті.


"Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс", делінген Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарламасында.

Бұған дейін Сейітжанова мен Нәдірбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: