Исламиада-2025: Тұрар Дүйсехан ел қоржынына 11-алтын медальді салды
Сурет: olympic.kz
Муай-тайдан Қазақстан құрамасының өкілі Тұрар Дүйсехан Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржынына 11-алтын медальді салды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.
Финалда Дүйсехан Ирак спортшысы Аяд Албадрды жеңді.
Бірінші раундта қарсылас басым түссе, қалған екі раундта жерлесіміз жеңіске жетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript