Карина Ибрагимова бокстан Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының екінші қоласын салды

Карина Ибрагимова, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2022 18:49 Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Карина Ибрагимова өз командасының қазынасын әлем чемпионатынан тағы бір қола медальмен толықтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ибрагимова жартылай финалда тайбэйлік боксшы Лин Ю Тингті жеңе алмады.

Сәл уақыт бұрын Жайна Шекербекова (52 келі) Қазақстан құрамасына алғашқы қола жүлдені салды.

18 мамырда 2022 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында тағы екі қазақстандық спортшы өнер көрсетеді:

Валентина Хальзова - Альсинда Елена Пангуан (Мозамбик);

Дина Жоламан - Лакрамиора Перишоч (Румыния).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: