Жаңалықтар тізбегі
0

Ресми түрде: "Қайрат" футбол клубы бас бапкері қызметінен кетті

Ресми түрде: "Қайрат" футбол клубы бас бапкері кеткенін хабарлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2024 13:17 Сурет: Instagram/f.c.kairat
"Қайрат" футбол клубы 29 сәуірде команданың негізгі жаттықтырушысы Кирилл Сергеевичке қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда аталмыш ақпаратты ресми Instagram парақшаларында жариялады.

"44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. Кирилл Сергеевич "Қайрат" ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра беретінін айта кетейік.",- делінген ақпаратта.

Кирилл Кекер негізгі команданы 2022 жылғы маусымнан бастап басқарған. Оның жетекшілігімен "сары-қаралар" 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде "Қайрат" ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

"Өзіміздің "Сары-қаралардың" үлкен ұжымы Кирилл Сергеевичке атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, кәсіби қызметінде одан әрі табысқа жете беруін тілейді!""Қайрат" футбол клубы

Алдағы 4 мамырда өтетін "Атыраумен" болатын матчқа команданы бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.


2024 жылдың 20 сәуірінде Алматы орталық стадионында QFL-2024 чемпионатының бесінші турының орталық матчы өтті. Онда "Қайрат" ФК турнир кестесінің көшбасшысы "Ақтөбе" маусымының басты фавориттерінің біріне 1:3 есебімен ұтылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: