Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы алғашқы голынан кейін мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/d__satpayev
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Лондонның "Челси" клубы сапындағы алғашқы голын соққаннан кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, 17 жастағы футболшы Австралияның "Вестерн Сидней Уондерерс" командасына қарсы өткен жолдастық кездесуде көзге түсіп, өз командасының 6:4 есебімен жеңіске жетуіне үлес қосты.
Матч аяқталғаннан кейін Сәтпаев Instagram Stories парақшасында ойыннан фотосуреттер жариялап, гол соққаннан кейінгі сәт пен командаластарымен бірге қуанышын бөліскен сәттің суреттерін көрсетті.
Жас шабуылшы жетістігін:
"Әлхамдулиллаһ. Барлық мақтау бір Аллаға тән", – деген сөздермен атап өтті.
Айта кетейік, бұл кездесу "Челсидің" Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы турнесі аясындағы алғашқы жолдастық матч болды. Енді Лондон клубы Сидней қаласында "Тоттенхэмге" қарсы тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
