"Челси" Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады

«Челси» Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарын жариялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2026 09:46 Сурет: Instagram/d.satpayev
Лондонның "Челси" клубының жаңа бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының Jeunesfooteux-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан құрамасының ойыншысы 12 тамызда, яғни 18 жасқа толған күні ресми түрде "Челси" сапына қосылып, испаниялық маманның жетекшілігімен дайындық жұмыстарын бастайды.

Қазіргі таңда клуб басшылығының негізгі жоспары бойынша Сәтбаев бірнеше апта бойы лондондық команда құрамында жаттығып, өзінің ойын деңгейін көрсетуге мүмкіндік алады. Осы уақыт ішінде Хаби Алонсо футболшының әлеуетін бағалап, оның әрі қарайғы мансабына қатысты шешім қабылдайды.

Егер жас ойыншыға еуропалық футболға бейімделу үшін қосымша тәжірибе қажет деп танылса, ол жалға беру негізінде Францияның Лига 1 чемпионатында өнер көрсететін "Страсбург" клубына ауысуы мүмкін.

Айта кетейік, "Страсбург" те, "Челси" де BlueCo консорциумына тиесілі. Француз клубы жазғы трансферлік кезеңде шабуыл шебін күшейтуді көздеп отыр. Осыған байланысты Дастан Сәтбаевқа Франция чемпионатында өзін дәлелдеуге және еуропалық футбол талаптарына қаншалықты дайын екенін көрсетуге мүмкіндік берілуі ықтимал.

Бұған дейін "Қайрат" клубы Дастан Сәтбаевтың команда сапындағы соңғы матчына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: