Дастан Сәтпаев бүгін түнде Қатарға шұғыл ұшатын болды
Сурет: Instagram/f.c.kairat
"Қайрат" футбол клубы 2025 жылы 11 қазанда шабуылшы Дастан Сәтпаевқа қатысты тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпаратты "Қайрат" футбол клубы Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Қайрат" шабуылшысы бүгін түнде дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға жол тартады", делінген жазбада.
Футболшының жарақатына байланысты жағдайы мен қалпына келу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек жарияланады.
Бұған дейін "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дастан Сәтпаев 9 қазанда Instagram-дағы парақшасында өз жанкүйерлеріне жүгініп, мәлімдеме жасаған. Сөйтіп ол соңғы ойында алған жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыса алмайтынын жеткізді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript