Дастан Сәтпаев УЕФА рекордсмендері тізіміне тағы да алынды
Сурет: Instagram/kff_team
17 жастағы ойыншы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында Астанада Қазақстан құрамасының Бельгияға қарсы ойынында өзінің алғашқы голын соқты.
Дастан Сәтпаев кездесудің 10-шы минутында есеп ашып, Қазақстан құрамасының рекордын жаңартты.
Ал Талғат Байсуфиновтың шәкірттері әлемнің үздік құрамаларының біріне қарсы осы матчты 1:1 есебімен тең аяқтады.
Сондай-ақ, біздің футболшылар ойын соңында азшылықта болды, өрескел бұзушылық үшін Ислам Чесноков алаңнан қуылды.
Дастан Сатпаев 🌟
— УЕФА (@UEFAcom_ru) November 15, 2025
17-летний форвард - самый молодой автор гола в истории сборной Казахстана 🙌#WCQ pic.twitter.com/5MIqFNtcgz
Сәтпаев үшін бұл Қазақстан құрамасы сапында тіркеген екінші рекорды екенін атай кеткен жөн. Бұған дейін ол ересектер құрамасына алынған тарихтағы ең жас ойыншы ретінде аталған.
2025 жылдың 10 ақпанында Дастан ресми түрде Лондонның "Челси" футболшысы атанды.