Еліміздің үздік футболшыларының бірі жарақатына байланысты мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/d.satpayev
"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дастан Сәтбаев 9 қазанда Instagram парақшасында өз жанкүйерлеріне жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол соңғы ойында алған жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатыса алмайтынын мәлімдеді.
"Өкінішке орай ұлттық құраманың соңғы ойындарына қатыса алмаймын. Соңғы матчтағы жарақатыма байланысты, медициналық штаб ұлттық құраманың ойындарына қатысуға шектеу қойды. Жаттығу жасап ертерек денсаулығымды қалпына келтіруге тырысып жатырмын. Қолдауларыңызға рахмет!",- деп жазды ойыншы.
Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері кім болатындығын жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript