"Қайраттың" танымал ойыншыларының бірі Түркияға ауысуы мүмкін

"Қайраттың" танымал ойыншыларының бірі Түркияға ауысуы мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2025 11:52 Сурет: Instagram/gromyko_valera
"Қайрат" құрамасының жартылай қорғаушысы Валерий Громыко алдағы уақытта Түркия Суперлигасының бір клубымен келісімшартқа қол қоюы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Legalbet.kz ұсынған мәліметке сүйенсек, Громыкоға түрік чемпионатынан қызығушылық танытқан бірнеше клуб бар. Сол себепті ол әзірге алматылық командамен еңбек келісімін ұзатуға асықпай отыр.

Футболшының "Қайратпен" қазіргі келісімшарты 2025 жылдың желтоқсан айының соңында аяқталады.

28 жастағы Громыко 2024 жылдың шілде айында "Қайсар" клубынан "Қайратқа" ауысқан еді. Өткен маусымда ол Қазақстан Премьер-лигасында 24 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Transfermarkt порталы оның нарықтық бағасын 1,2 миллион еуро деп бағалайды.

Бұған дейін Криштиану Роналдуның футболмен қош айтыспақ екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: