Криштиану Роналду бразилиялық клубқа ауысуы мүмкін

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду бразилиялық "Фламенго" футбол клубына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Veja басылымына сілтеме жасай отырып, Prosports.kz хабарлайды.
"Фламенго" басшылығы Роналдуға келісімшарт ұсыну мүмкіндігін қарастырып жатыр. Роналдумен келіссөз әлі басталған жоқ, бірақ клуб қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін Роналду британиялық журналист Пирс Морганға даулы сұқбат беріп, "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзғаны белгілі болды. 37 жастағы ойыншы осы маусымда 16 матчқа қатысып, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript