Дастан Сәтпаев "Мидлсброға" қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды

Дастан Сәтпаев үздік ойыншы атанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2026 10:10 Сурет: Instagram/burnleyofficial
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің төртінші турында өткен "Бернли" – "Мидлсбро" матчында үздік ойыншы деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz басылымының мәліметінше, кездесу Бернлидегі "Терф Мур" стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан құрамасы мен "Бернли" командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев матчты негізгі құрамда бастап, 81-минутта алаңнан ауыстырылды. Ойыннан кейін Дастан "Матчтың үздік ойыншысы" атанды.

Қазір "Бернли" 2 ұпаймен турнир кестесінің 23-орнында тұр. Ал "Мидлсбро" 7 ұпаймен бесінші орында келеді.

Бұған дейін "Бернлидің" Дастан Сәтпаевпен бірге Чемпионшипте "Мидлсброға" есе жібермегені туралы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: