Елена Рыбакинаның "Ролан Гаррос-2026" турниріндегі алғашқы қарсыласы кім

Сурет: instagram/lenarybakina
Парижде биылғы маусымдағы басты топырақ төсенішіндегі турнир – "Ролан Гаррос" жеребесі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның қорытындысы бойынша, жарыстың басты фавориттерінің бірі саналатын қазақстандық теннисші Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 84-орында тұрған словениялық Вероника Эрьявецпен кездеседі.

Қазақстандық спортшы Ролан Гаррос турнирінде екінші нөмірмен тіркелсе, бірінші нөмір Арина Соболенкоге берілді.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция чемпионатының алғашқы кезеңінде әлемнің 55-ракеткасы, аустралиялық Талия Гибсонмен ойнайды.

Бірінші нөмірлі теннисші мәртебесі Янник Синнерге бұйырды. Ерлер арасындағы жарыста жарақатына байланысты турнирге қатыспайтын Карлос Алькарас қатыспайды. Ал Александр Зверев турнирдің екінші ракеткасы атанды.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшылары — екі Александр да Франция ашық чемпионатының алғашқы кезеңінде осал қарсыласқа тап болған жоқ.

Елдің бірінші ракеткасы Александр Бублик германиялық Ян-Леннард Штруффпен кездессе, Александр Шевченко америкалық Алекс Михельсенмен күш сынасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Найзағай ойнап, жаңбыр жауады: синоптиктер дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады

Электр энергиясына арналған шекті тарифті бекіту: өзгерістер енгізілді

Алматы маңындағы көрікті жерлер