ШҚО-да танысын бопсалаған күдікті ұсталды

Фото: pexels
Шемонаиха қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін анықтады. Ол танысына күш көрсетіп, ақша мен мүлкін иемденді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша 2023 жылдан бастап 39 жастағы ер адам күш қолданамын деп қорқытып, жәбірленушіні өзіне ақша беруге мәжбүрлеп отырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 2,5 миллион теңге болған.

Сондай-ақ тергеу деректеріне сәйкес, күдікті жәбірленушіден өзіне тиесілі Volkswagen Passat автокөлігін сатуды талап еткен. Алайда мәміле жүзеге аспағаннан кейін одан 1 миллион теңге беруді талап еткен.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан жәбірленуші қомақты көлемдегі ақша мен мүлкінен айырылған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды кез келген заңсыз әрекеттер үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан мен Қырғызстан Жамбыл облысына су беру туралы келісімге келді