Жібек Құламбаева Яссыдағы WTA 250 турнирінің финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жібек армениялық Алина Чараевамен жұптасып, жартылай финалда турнирдің бірінші нөмірлі жұбы – бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы ойнады.

Кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Чараеваның 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер кортта 1 сағат 51 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Жібек пен оның серіктесі эйс жасамады, алты рет қос қателік жіберді және иеленген алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, қазақстандық-армениялық жұп турнирдің финалына шықты. Олардың финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы