16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты

Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы дзюдодан Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

52 келіге дейінгі салмақта Фатима Сұпығалиева жеңімпаз атанды.

Финалда қазақстандық спортшы Ксения Кирильчукті (Украина) жеңді.

Сондай-ақ, Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) финалға шықты. Шешуші белдесуде отандасымыз Ягода Цюпикке (Польша) есе жіберіп, әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады.

Ерлер арасында Ерік Үсенов (66 келіге дейін) пен Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, әлем чемпионатының алғашқы күнінде Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) әлем чемпионы атанды.

Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) мен Адия Жанахмет (40 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін) мен Ахмет Баубек (60 келіге дейін) әлем чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады