Қазақстан құрамасының шабуылшысы матчты негізгі құрамда бастап, жаңа командасы үшін алғаш рет алғашқы минуттардан ойнады. Сатпаев алаңда шамамен 80 минут болып, кейін алмастырылды.
Сурет: Х/BurnleyOfficial
Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталды. Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде "Брэдфорд Сити" 4:2 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал "Бернли" турнирден шығып қалды.
Сурет: Х/officialbantams
Осылайша, Дастан Сатпаев "Бернли" сапында алғаш рет негізгі құрамда ойнаған матчында командасымен бірге Англия Лигасы кубогындағы жолын аяқтады.