Рыбакинадан жеңілгеннен кейінгі әрекеті үшін Соболенкоға қанша айыппұл салынғаны белгілі болды

Сурет: X/@SabalenkaA
Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға салынған айыппұл болжанған сомадан бірнеше есе аз болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі польшалық спорт шолушысы әрі теннис журналисі Михал Самульски 2026 жылғы 15 қыркүйекте X әлеуметтік желісінде АҚШ ашық чемпионатында әлемнің әр түкпірінен келген теннисшілерге салынған айыппұлдар кестесін жариялады.

Кестеге сәйкес, Арина Соболенкоға 7500 доллар, яғни 3,3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Ал аргентиналық теннисші Луисина Джованниниге бұдан әлдеқайда көп – 20 мың доллар айыппұл салынды. Ол іріктеу кезеңіндегі матч басталғаннан бірнеше минут өткен соң, бес геймнен кейін жарысты жалғастырудан бас тартқан. Ұйымдастырушылар спортшыны матчта бар күшін салмады және ойынға тиісті кәсіби жауапкершілікпен қарамады деп күдіктенген.

Бұған дейін, 14 қыркүйекте, Арина Соболенкоға "Үлкен дулыға" турнирінің екі ережесін бұзғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін екені хабарланған еді. Теннисші финалдық матч аяқталғаннан кейін ракеткасын сындырып, артынша операторға тіл тигізген. Спорт сарапшылары оған 50 мың доллардан астам, яғни 22,5 млн теңгеден жоғары айыппұл салынуы мүмкін деп болжаған.

12 қыркүйектен 13 қыркүйекке қараған түні Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, US Open турнирінің чемпионы атанды. 2026 жылғы 14 қыркүйекте қазақстандық теннисші ресми түрде әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің көшін бастады.

Кейін Рыбакина Соболенконың шеберлігін жоғары бағалап, олардың корттағы бәсекесі жалғасатынына сенім білдірді. Сондай-ақ екі теннисшінің арасындағы матчтар үнемі тартысты өтетінін атап өтті.

Қазақстан
Рыбакина Елена

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді