Қазақстандық жасөспірім қыздар мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен мемориалында бақ сынады

Сурет: olympic.kz
Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында жасөспірім қыздар арасында қысқа және еркін бағдарлама аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыздар арасындағы жекелей сайыста Мария Санникова қос бағдарлама қорытындысы бойынша 146,18 ұпай еншілеп, оныншы орынға тұрақтады.

Сафия Абаева 145,93 ұпаймен 11-орын, Анна Санникова 141,72 ұпаймен 12-орын, София Журавлёва 132,76 ұпаймен 16-орын, Карина Шеина 131,71 ұпаймен 17-орын, Мария Сосновская 124,66 ұпаймен 18-орын, Анастасия Энгельгардт 115,42 ұпаймен 20-орынға табан тіреді.

Жүлделі орындарды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар иеленді. Алиса Зайкина алтын медаль жеңіп алды – 206,05 ұпай. Виктория Стрельцова күмістен алқа тақты – 200,99 ұпай. Ал Алёна Принева үздік үштікті түйіндеді – 198,59 ұпай.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін