Мәнерлеп сырғанаудан Астанада өтуі тиіс Төрт құрлық чемпионаты Алматыға ауыстырылды

Сурет: olympic.kz
Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2027 жылғы Төрт құрлық чемпионатын өткізу орны өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бастапқыда жарысты Астанада өткізу жоспарланған еді. Алайда Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағымен келісу нәтижесінде чемпионатты Алматыда өткізу туралы шешім қабылданды.

Байрақты бәсеке 9-14 ақпан аралығында "Алматы Арена" кешенінде өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан Төрт құрлық чемпионатын алғаш рет қабылдайды.

2025 жылы Михаил Шайдоров осы жарыста жеңімпаз атанса, 2015 жылы Денис Тен чемпион болды. Ал әйелдер арасында Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы қола жүлдеге ие болған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы