Ники Хайеннің отставкаға кеткені туралы ақпарат ағылшын футбол клубының ресми сайтында жарияланды. Бұл жайсыз хабар бүгін түнде "Бернли" сырт алаңда "Линкольмен" ойнап, 1:4 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін белгілі болды. 12 матчтан кейін команда небәрі сегіз ұпай жинап, турнирлік кестенің 22-сатысына дейін құлдилады.
"Бернли" футбол клубы бас бапкер Ники Хайенді қызметінен босатты. Бұл шешім шұғыл күшіне енді. Директорлар кеңесі команда Чемпионшипті сәтсіз бастағандықтан осындай шешім қабылдады", делінген ресми сайтта жарияланған ақпаратта.
Айта кетсек, Дастан Сәтпаев "Челси" клубы атынан "Бернли" сапында жалға алу құқығы бойынша өнер көрсетуде.