Дәстүрлі марапаттау рәсімі ҚТФ-ның жыл сайынғы жаттықтырушылар конференциясы аясында өтеді. Жеңімпаздарға кәсіби жетістіктері мен қазақстандық теннистің дамуына қосқан үлесі үшін ақшалай сыйлықтар мен естелік марапаттар табысталады.
Соңғы бес жылда марапаттау жүйесі айтарлықтай кеңейді. Бүгінде ол әртүрлі жас санаттарындағы теннисшілерді даярлаумен қатар, Tennis 10s, Baby Tennis бағдарламаларын, арбадағы теннисті (Wheelchair Tennis) дамыту және жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру бағыттарын да қамтиды.
2026 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
10 жасқа дейінгі балалардың үздік теннис жаттықтырушысы — Оксана Галиева ("Эйс" теннис орталығы, Алматы).
12 жасқа дейінгі теннисшілердің үздік жаттықтырушысы — Руслан Мирошниченко (Beeline Arena ҰТО, Астана).
14 жасқа дейінгі теннисшілердің үздік жаттықтырушысы — Серижан Есенбеков (Beeline Arena ҰТО, Астана).
18 жасқа дейінгі теннисшілердің үздік жаттықтырушысы — Павел Цой (Team KZ, Астана).
Жылдың үздік аға жаттықтырушысы — Руслан Мухамедзянов (Beeline Arena ҰТО, Астана).
Жылдың үздік әйел жаттықтырушысы — Салтанат Кочерова (Beeline Arena ҰТО).
Арбадағы теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін — Жалғас Қадыр.
Tennis 10s бағдарламасын үйлестірудегі үздік жетістіктері үшін — Марина Мартышева.
Baby Tennis бағдарламасын дамытудағы үздік жетістіктері үшін — Құралай Дүйсен.
Теннисті дамытуға қосқан үлесі үшін — Олег Павлов.