Қазақстан дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады
Сурет: olympic.kz
Ташкентте (Өзбекстан) дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бағдарламаның соңғы жарысы аралас командалық бәсеке болды. Қазақстан құрамасы бірінші айналымда Жапониямен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады.
Санжар Еруланұлы 100 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Асқар Біржанов үшінші орын алды.
Сондай-ақ 100 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Командалық есепте Қазақстан жетінші орынға жайғасты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript