Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 18:32 Сурет: olympic.kz
Баку қаласында (Әзірбайжан) ересектер арасында дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған дүбірлі додада ұлттық құрама сапында ең үздік нәтижені Шерзод Давлатов көрсетті. Отандасымыз 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар 81 келіде қола жүлде үшін белдескен болатын. Дегенмен қарсыласына жол беріп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Соңғы жарыс күнінде аралас командалар арасында бәсеке ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде Францияға қарсы татамиге шықты. Нәтижесінде франциялықтар 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша ұлттық құрама әлем біріншілігін бір медальмен аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: