Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар кадеттер арасында әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 17:31 Сурет: International judo federation
Софияда (Болгария) дзюдодан кадеттер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл додада бес медальға қол жеткізді.

60 келіге дейінгі салмақта Ернұр Батырғали жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар күміс жүлде еншіледі.

Ал 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мыса, 66 келіге дейінгі салмақта Ролан Қайырғали және 90 келіден жоғары салмақта Әділжан Жаудинов қола медальға қол жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: