Екі қазақстандық дзюдошы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Екі қазақстандық дзюдошы кадеттер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2025 18:21 Сурет: olympic.kz
Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде (Болгария, София) Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалдық кезеңге өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ернұр Батырғали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Өзбекстан спортшысы Дильшод Каримовты жеңді. Шешуші белдесуде Тәжікстан балуаны Лоик Кудбудиновпен кездеседі.

Сондай-ақ 66 келіге дейінгі салмақта Мұхаммедәлі Жылқайдар да алтын медаль үшін таласады. Ол жартылай финалда ресейлік Муслим Котиевті жеңіп, финалда тағы бір ресейлік дзюдошы Рахим Хамхоевпен кездеседі.

Осы салмақ дәрежесінде Ролан Қайырғали қола медаль үшін белдеседі. Оның қарсыласы - Канаданың өкілі Анес Мати.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: