Дзюдошы Мейірлан Максим әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Сурет: International judo federation
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Мейірлан Максим Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының келесі айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта Доминикан Республикасының спортшысы Роберт Флорентиномен кездесті.
Белдесу қосымша уақытқа (golden score) дейін созылды. Нәтижесінде Мейірлан Максим тиімді әдіс жасап, "юко" ұпайын еншілеп, жеңіске жетті.
Енді ол әлем чемпионы, жапониялық Гоки Тажимамен 1/4 финалға шығу үшін күреседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript