Қазақстан дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 17:08 Сурет: olympic.kz
Перудің Лима қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жекелей сайысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы халықаралық турнирде бір жүлдемен көзге түсті.

Қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта Дана Әбдірова күміс медаль иеленді.

Сондай-ақ 100 келіге дейінгі салмақта Асқар Біржанов та жүлдеге бір қадам жақын болды. Алайда ол қола медаль үшін өткен белдесуде Өзбекстан спортшысы Мұхаммадали Зоировқа есе жіберді.

Енді ұлттық құрамамыз аралас командалық жарыстарға қатысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: