Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 17:02 Сурет: olympic.kz
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.

Богдан Вехов қола жүлдегер атанды. Ол 1000 метр қашықтықта үшінші болып мәреге жетті.

Әйелдер эстафетасында Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина да жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола медаль алды.

Полина Омельчук 1000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар спортшы В финалына екі рет (500 және 1500 метр) жолдама алды.

В финалына Богдан Вехов (1500 метр), Павел Цой мен Тамирлан Жолдас (500 метр) өтті. Сондай-ақ ерлер құрамасы да эстафетаға жолдама алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: