ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті қабылдап жатқан жүктердің жосықсыз автотасымалдаушыларымен күрес жөніндегі шаралар формалды және күтілетін нәтижелерге әкелмейді. 800 мыңнан астам көлік құралы ресми көліктік бақылаусыз қалып отыр, ал мемлекет жолдарды жөндеуге миллиардтап жұмсалған (жылына орта есеппен 60 млрд.теңге) шығынды көтереді. Антикор
Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында пара алғаны үшін, көлік құралдарының рұқсат етілген жүк нормасынан асып кетуін қамтамасыз еткен лауазымды тұлғалардың қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді.
Алымдардың күнделікті сомасы, шамамен, 150-200 мың теңгені құрады.
9 жыл ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының жұмысы жолға қойылмаған.
Көлік комитеті жолдарда бақылауды жүзеге асыратын аумақтық инспекцияларға онлайн-бейне-мониторинг жүргізбейді, олардың бейне-жетондарды пайдалануы қамтамасыз етілмейді.
Көлік құралдарын техникалық тексеру саласында да елеулі кемшіліктер бар. Агенттік 54 жалған техникалық байқау операторын анықтады, олар тек 2021 жылы 435 мың жалған диагностикалық карта берді. Осылайша, Қазақстанның барлық автокөліктерінің 15%-ы азаматтардың өмірі мен денсаулығына, жалпы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Антикор
Алайда, көліктік бақылау органдары жалған техникалық байқау операторларымен қарсы күрестің орнына, олардың заңсыз қызметіне қамқорлық жасайды.
Жыл сайын Көлік комитеті халықаралық сауда қатынастарын дамыту мақсатында, шет мемлекеттермен рұқсат бланкілерімен тепе-тең негізде алмасуды жүргізеді. Алайда, адал тасымалдаушыларға оларды алудан заңсыз бас тарту жолымен бланкілердің жасанды тапшылығы жиі жасалады. Олар көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен үлестес, жеке жүк көлігі жоқ компанияларға беріледі.
Ұлттық баяндамада талдау қорытындысы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне тиісті ұсынымдар берілетіні нақтыланады.