Ауылшаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 100 қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы 2021 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамада айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне кешенді талдау жүргізді.

Бизнес-процестерде және субсидиялау жүйесін нормативтік реттеуде, оның ішінде лауазымды тұлғалардың өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кең дискрециялық өкілеттіктерімен байланысты көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

Мал шаруашылығы саласында «ИӨС» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары деректерімен айла-шарғы жасаудың көптеген фактілері анықталды: жануарлардың жасын, жынысын өз бетінше түзету, олардың сәйкестендіру нөмірлерін қайталау.

Осы және басқа да айла-шарғылар жоқ малды, белгіленген критерийлерге жатпайтын ауыл шаруашылығы жануарларын субсидиялау, сол бір мал басын екі рет субсидиялау, субсидияланған малдың сақталуын және мақсатсыз пайдаланылуын қамтамасыз етпеу үшін жүргізілді.

Мысалға, Түркістан облысында шаруашылықтардың біреуінде ғана төлді қолдан жасалды көбейту және субсидия алу үшін, ересек сиырлардың жасын бұзау жасына түзетудің 400-ден астам фактісі анықталды.

Жамбыл облысында мал шаруашылығы бөлімінің басшысы жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, ол үлестес шаруа қожалығы үшін, іс жүзінде сатып алынбаған малға 33 млн теңге субсидия алуды ұйымдастырды.

Инвестициялық субсидиялау саласында нормалардың қайшылығы мен екіұштылығына, инвестициялық субсидиялаудың әртүрлі паспорттары бойынша сатып алынатын ұқсас ауыл шаруашылығы техникасының құнындағы елеулі айырмашылыққа байланысты, көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Осының барлығы әкімдіктің жауапты тұлғасына өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жабдықтың бір бөлігі сәйкестік критерийлерін белгілемей және қандай да бір параметрлерді көрсетпей субсидияланады, бұл теріс пайдалану мен жымқыру үшін жағдай жасайды.

Жобалардың жекелеген паспорттары бойынша (35-тен 50%-ға дейін) жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үлесін ұлғайтудың жетілдірілмеген тетігі де лауазымды адамдарға өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік береді.

Мәселен, Ақтөбе облысында Ұлттық аграрлық ғылыми орталықтың (АШМ) қызметкерлері қатарынан қылмыстық топ әшкереленді, ол 3 жыл бойы үлестес кәсіпорындар арқылы жүздеген шаруа қожалықтарына (400-ден астам) күн панельдерін жоғары бағамен жеткізіп, олардың атынан өтінім беріп, субсидияны өзіне алды.

Сондай-ақ, ғылыми орталықтың қызметкерлеріне қатысты Атырау, Жамбыл, Түркістан облыстары бойынша департаменттер және Агенттіктің орталық аппарат қылмыстық істер қозғады.

Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін кешенді талдау қорытындылары бойынша мынадай түйінді тұжырымдар жасалды:

Талдау барысында анықталған барлық фактілер бойынша 100 қылмыстық іс қозғалды. Талдау қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүйелік проблемаларды кешенді жою бойынша нақты шаралармен, 170-тен астам ұсыным енгізілді. АШМ жанынан Субсидиялау жүйесін, нормативтік-құқықтық базаны және ақпараттық жүйелерді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: