Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 миллиард теңгенің қайда жұмсалғаны белгісіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алқасының отырысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметінде күрделі сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталғаны айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күрделі сыбайлас жемқорлық тәуекелі – болжанған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жер телімдерін конкурстан тыс кең көлемде беру, үлестес тұлғаларға активтерді арзандатылған бағамен сату. Ешқандай нәтиже болмай, азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бөлінген 39 миллиард теңге игеріліп кеткен.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов өз баяндамасында еншілес компанияларға несиелер берілгенін, міндеттемелердің орындалуына бақылау жүргізілмейтінін айтты.

Аталған фактілер бойынша ӘКК лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс тіркелді. Келтірілген шығын – 7 миллиард теңгеден астам. Тұтастай алғанда, ӘКК жұмысында бизнесті дамытуды ынталандыру және жеке сектор айналыспайтын салаларды қолдау негізгі қағидаты жүзеге асырылмайды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

Олжас Бектенов әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қызметі қалай реттелетінін айтты.

Антикор басшысы ӘКК-нің негізгі пайдасы депозиттерден пайыз алу мен мүлікті сатуға негізделгенін түсіндірді. Осыған байланысты агенттік олардың қызметін қайта қарау бойынша ұсыныстар берді.

Цифрландыру саласына жүргізілген мониторинг отандық ақпараттық технологиялар нарығы мемлекеттік органдарға қарасты компаниялармен монополизацияланғанын көрсетті. Бүгінде қажетсіз әрі қайталанатын бағдарламалар әзірленіп жатыр. Мемлекет балансындағы әрбір үшінші ақпараттық жүйе есептен шығаратындай жағдайда (572-нің 178-і). Қолданыстағы технологиялар жаңа әзірлемелердің желеуімен сатылады.Олжас Бектенов

Олжас Бектеновтың айтуынша, қазірдің өзінде мемлекет цифрландыруға 400 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған. Жүйелерді ұстауға жыл сайын 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

Агенттіктің ұсыныстарын жүзеге асырудан біз мемлекеттің жыл сайынғы шығынын оңтайландыруды және отандық ІТ-нарықтың барлық қатысушысына бірдей жағдай жасауды күтеміз, – деп түйіндеді сөзін Антикор көрағасы.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: