Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодекстің «Қызмет бабын пайдалана отырып сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе талан- таражға салу» бабымен іс қозғалған. Тергеу аясында әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аталған серіктестікпен 500 млн теңгеге жуық қаражатқа мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасалғаны анықталды. Ал серіктестік наурыз айынан желтоқсанға дейін мүгедектерді санаториялық-курорттық емдеу, сауықтыру демалысын қамтамасыз етуі тиіс болған. Нақты қанша адамның айыпталып жатқаны, әзір белгісіз. Екі мекеме өкілдері де тергеліп, құжаттар тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Astana.tv облыстық экономикалық тергеулер департаментіне сілтеме жасап.
Тапсырыс берушінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын тексеру актісімен мүгедектердің шипажайға баруы туралы жалған фактілер анықталды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке 1,5 млн теңгеге жуық қаражат негізсіз төленген. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етуге жатпайды. Қарағанды облысы Экономикалық тергеулер департаментінің Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Зарина Құсманова