Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты департамент қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұсынған мәлімет бойынша,  жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленді.

"Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды".Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ведомство жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты