«Антикор» мекемесінің қызметкерлері ауылдық округ әкімдерінен пара талап еткен

Пара беру арандатуы үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Бас прокуратураның мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімшілігін тексеріп, ауылдық округтерінің әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартумен қорқытып, олардан ақшалай қаражат талап еткен.

"Олардың тұрақты түрдегі талаптарынан кейін әкімшілік жұмыскерлері тексерушілерге тексерістің оң шешілуі үшін 400-мыңнан 630-мың теңгеге дейінгі қаражатты беріп, пара беру дерегі бойынша ұсталған. Нәтижесінде 7 ауылдық округтің әкімдері мен әкімшіліктің 1 есепшісі соттармен әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру және айыппұл түріндегі жазаларға тартылған." Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Бас Прокурордың наразылығымен Жоғарғы Сот оларды толығымен ақтап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдерінің іс-әрекеттерінде тікелей арандатушылық бар екенін анықтаған.

Өз кезегінде, 2 жедел өкілге қатысты Қылмыстық кодектің 362-бабы 4-бөлігімен (билiктi және лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Тергеп-тексеруді Бас прокуратураның арнайы прокуроры жүргізіп, кінәларын толығымен дәлелдеп, қылмыстық іс сотқа жолданған.

Түркістан облысы Жетісай аудандық сотының 2023 жылғы 26 қаңтарындағы үкімімен ауыр санаттағы лауазымдық қылмысты жасағандары үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бұрынғы 2 жедел өкілі арнайы шендерінен айырылып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасына тартылды. Жәбірленушілердің пайдасына моральдық залал өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушылармен шағымдалған.

Қазақстан ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: