"Астана – көгалдандыру құрылысы" ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
"Астана – көгалдандыру құрылысы" ЖШС бас директорына 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл жөнінде Zakon.kz басылымына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агенттік ұсынған мәлімет бойынша, Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында "Астана – көгалдандыру құрылысы" ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

Тараған ақпаратқа сүйенсек, параны "Табиғат-Сервис НС" ЖШС директорының орынбасары С.Карлова жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық беруі және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қоюы үшін берген.

"3 наурызындағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Карловаға сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты