YouTube қазақ тіліндегі видеоларды жарнамалаудан бас тартты

pixabay.com
Компания хабарлағандай, қазақша видеоларды тексеретін жұмысшылар жоқ.

Google компаниясы өзінің YouTube видеохостингінде кейбір тілдер үшін ақылы жылжыту мүмкіндігін шектеп қойды. Ол тілдердің ішінде қазақ тілі де жүр, деп хабарлайды Zakon.kz BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шектеу туралы белоруссиялық "Радио Свобода" YouTube-каналының журналисі Франтишек Вечерко жазды.

- Кеше маған Google Moscow кеңсесінен хабарласты. Белорус, татар, қазақ және өзге де "шағын" тілдердегі видеоларды ақылы жарнамалауға шектеу енгізілді дейді. Ондай тілдерді қолдауға компанияның мүмкіндігі жоқ екен, – деп жазды Вечерко.

Google оған орыс тіліне көшуге кеңес беріпті.

"Шағын" тілдердегі контентті ақылы жарнамалау үшін модераторлар видеоны "хейтспич" (араздықты қоздыру) және фейк ақпарат тұрғысынан тексеруі керек. Алайда компания бұл тілдердегі контентті тексеретін қызметкерлер жалдаудан бас тартқан екен.

Бұл проблема басқа да көптеген тілдерге қатысты, мысалы татар, башқұрт, қырғыз, тәжік тілдері де шектеулі болып қалған. Қазір "Google Реклама" интерфейсінде 44 тіл қол жетімді, оның ішінде жоғарыда аталған тілдер шынымен де жоқ.

Бірақ орыс тілі мен украин тілі бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?