Жаңалықтар тізбегі
0

ТМҰ елдерінің 20 үздік IT-стартабына Кремний алқабында оқуға грант беріледі

Astana Hub, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 12:41 Сурет: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі
Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің 20 перспективті стартабы Кремний алқабына жолдама алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana Hub халықаралық технопаркі Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) елдерінің үздік технологиялық стартаптарына әлемдік нарыққа, соның ішінде АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік ұсынады. Осы мақсатта Astana Hub әйгілі Draper University-мен келісім жасасып, 20 перспективті стартапты Кремний алқабында Hero Training  интенсивті бағдарламасы аясында дамытатын болды.

Ынтымақтастық туралы келісімге 2023 жылғы 10 наурызда Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев пен Draper University президенті Asra Nadeem Сан-Матео қаласында (Калифорния штаты) ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің АҚШ-қа ресми сапары барысында қол қойды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елдегі IT-саланың дамуына айрықша мән беруде және қолдау көрсетуде. Ос ретте біз стартаптарымызға үздік әлемдік тәжірибені ұсынғымыз келеді. Кремний алқабында орналасқан Draper University қазірдің өзінде көптеген жас IT-компаниялар үшін табысқа жетудің катализаторына айналды, өйткені ол жерде ресурстардың, капиталдың және халықаралық сарапшылардың бірегей үйлесімі бар, бұл стартаптардың жылдам дамуына мүмкіндік береді. Біздің ынтымақтастығымыз бағдарлама қатысушыларына өз бизнесін жаңа деңгейге көтеріп, жаһандық ауқымдағы кәсіпкерлікте бәсекеге қабілетті компанияға айналуға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді министр Бағдат Мусин.


Бағдат Мусин, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2023 12:41

Сурет: ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі


Бағдарлама мынадай кезеңдерден тұрады: Үздік 80 жоба өнімді әзірлеу және масштабтау, сондай-ақ халықаралық венчурлық қорлардан инвестиция тарту принциптері бойынша 2 апталық онлайн бағдарламасына қол жеткізе алады. Үздік 20 жоба тәжірибелі технологиялық кәсіпкерлер және сарапшылардың жетекшілігімен инвестиция тарту әрі АҚШ нарығына шығу үшін Кремний алқабындағы Draper University-де 6 айға дейін тегін баспана және жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, 5 апталық қарқынды бағдарламасынан өту мүмкіндігіне ие болады.

Draper Ecosystem - бұл инновациялық экожүйені қолдау үшін озық фасилитаторлар мен тәлімгерлердің, салалық сарапшылардың, корпоративтік серіктестердің және инвесторлардың теңдесі жоқ желісін ұсыну арқылы таланттарды, сарапшыларды және инвесторларды біріктірудің бірегей тәсілі. Draper University негізін венчурлық капитал бизнесінде 38 жылдық тәжірибесі бар Тим Драпер қалады, оның басқаруында 11 қор бар, $7 млрд инвестиция салған, оның есебінде 34 unicorn және 6 rhino компания бар.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: