Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 950 грант беріледі

ақша, бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2022 16:58 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бұл гранттарға 29 жасқа дейінгі жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үміткер бола алады. Грант сомасы 400 АЕК-ке жетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Грант сомасы 400 АЕК – 1 225 200 теңге.

ШОБ қала экономикасында жетекші орынға ие және мұнда 10 алматылықтың 6-ы істейді. Биылдан бастап гранттарды сертификатсыз алуға болады. Өтінімдер сәуір мен қараша аралығында қабылданады. Нақты мерзімдері мен кезеңдерін қосымша хабарлаймыз, – деді Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Зафар Аппазов.

Өтінімді 1 сәуірінен бастап business.enbek.kz порталы арқылы беруге болады.

Грант алу үшін мыналар қажет:

  • тіркелген жұмыссыз мәртебесі немесе мерзімі 1 жылдан аспайтын жеке кәсіпкер болуы;

  • Алматы қаласында тұрақты, уақытша (1 жылдан кем емес) тіркелу;

  • business.enbek.kz порталында тіркелу;

  • бизнес-жоспардың болуы.

Үміткерлер бизнес жоспарды өзі жасайды. Ал бизнес жоспар мына критерийлер бойынша бағаланады:

  • бизнес-идеяның бәсекеге қабілетті болуы;

  • өткізу нарығының пысықталуы;

  • бизнес жобаның қаржылық өміршеңдігі;

  • кәсіпкерлік дағдылар деңгейі;

  • жаңа жұмыс орындарын құруы.

Өтініштер 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Гранттарды Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынады. Грант жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру үшін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында беріледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: