Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде бизнесті дамыту үшін жастарға берілетін грант көбейді

Ақша, грант, бизнес, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 11:11 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Биыл елімізде барлығы 20 мың адамға грант беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындады:

  • 2016 жылғы бұйрыққа енгізілетін өзгерістер аясында жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін бизнесті дамытуға арналған гранттар көлемін 400 АЕК-ке дейін (2022 жылы – 1,2 млн теңге) ұлғайту көзделген.

  • Жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтары өз ісін ашуы үшін бұл гранттар керек. Биыл барлығы 20 мың адамды гранттармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

  • Жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысатын жас мамандардың жалақы мөлшерін 30 АЕК-ке дейін ұлғайту, сонымен бірге жастар практикасына және «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімдерін тиісінше 12 және 18 айға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

  • Сонымен бірге биыл жастар практикасына кемінде 22 мың адамды жіберу, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жастың қатысуын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Бұл өзгерістер жастардың алған мамандығы бойынша жұмыс орнына сәтті бейімделуіне және бекітілуіне ықпал етеді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: