Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда "Құнанбай" кітабының тұсаукесері өтті

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2020 22:24 Алматы ТВ
3 мың данамен жарық көрген бұл кітап бірнеше тілге аударылады деп жоспарланып отыр.

Ұлы Абайдың мерейтойы қарсаңында Мәскеудің әйгілі "Молодая гвардия" баспасынан профессор Ерлан Сыдықовтың "Құнанбай" атты кітабы жарық көрді. Жақында осы толымды зерттеу еңбектің тұсауы елордада кесілген болса, бүгін Алматыда салтанатты түрде Мұхтар Әуезов музей-үйінде болып өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүниеге Абайдай дара да дана ақынды әкелген Құнанбайдың тұлғасын талай ғылым мен өнер қайраткерлері еңбектерінде зерделегенімен, оның тұлғасы мен қызмет тарихы толық зерттелмеген. Ал, "Тамаша адамдар өмірі" сериясымен жарық көрген тарихи-ғұмырбаяндық туындыда автор Құнанбайдың халыққа қызметі мен жеке қасиетін барынша ашуға тырысқанын айтады. Кітап 3 мың данамен жарық көрген және алдағы уақытта бірнеше тілге аударылады деп күтілуде.

"Абайдың Абай болуына ең бірінші ата-анасының әсері. Олай болатын болса, ата-анасын неге біз зерттемеске, неге біз оны көрсетпеске, объективті түрде оларды зерттемеске. Ал, енді осы уақытқа дейін оның әкесі атақты Құнанбай - тарихи тұлға, аға сұлтан болған, үлкен би болған. Егер де, бұл кітап жазылмаса, келер ұрпақ Құнанбайды ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың кереметтей құрған, жасаған образы арқылы ғана көз алдымызға елестетіп кете берер едік", – деді Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Ерлан СЫДЫҚОВ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: