Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде жастарға берілетін жалдамалы пәтерді алу шарттары жеңілдетіледі

баспана, пәтер кілті, тұрғын үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 12:56 Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық жастарды баспанамен қамтамасыз ету қалай жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасына жас отбасылар үшін 25%-дық квота енгізу көзделген.

Сонымен қатар 2025 жылға қарай барлық өңірде әкімдіктермен бірлесіп «Отбасы банкі» жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

Бүгінде жастарға арналған аймақтық тұрғын үй бағдарламасы үш облыста – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте жүзеге асып жатыр. Ал жыл соңына дейін тағы алты облыста – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында осындай бағдарламаларды іске қосу қарастырылып жатыр.ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Ералы Тоғжанов 2019 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға жалдамалы баспана берілетінін, осыған дейін барлығы 7 мыңға жуық осындай пәтер берілгенін еске салды.

Бұл бағдарлама жалғасын табады. 2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастар үшін 12 мың пәтер беру жоспарда бар. Ал жыл соңына дейін жалдамалы тұрғын үй беру ережелеріне жастардың айлық табысын растау талабын 40-тан 25 АЕК-ке дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл жастардың жалға берілетін баспана алу мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді.Ералы Тоғжанов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: