Бағдат Мусин БҰҰ Бас хатшысының технология мәселелері жөніндегі өкілімен кездесті

Цифрлық даму, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2023 19:44 Сурет: Facebook/Багдат Мусин
Осы күндері АҚШ-та өтіп жатқан БҰҰ іс-шаралары алаңында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Бас хатшының технология мәселелері жөніндегі өкілі Амандип Сингх Гилл мырзамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Қазақстандағы цифрлық саланың мәселелері қамтылды, деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Мусин Гилл мырзаға цифрландыру саласында қандай жобаларды жүзеге асырып жатқандарын, оның ішінде TechOrda бағдарламасы және IT-мамандарды даярлау, GovTech платформасын әзірлеу, сондай-ақ бірінші кезекте қызмет көрсету саласында "адамдарға бағдарлану" қағидасына назар аудара отырып, "Көрінбейтін үкімет /Invisible Government" жүйесін енгізіп жатқанын баяндады.

"Қазақстан цифрлық ынтымақтастықтың Жол картасында баяндалған барлық бағыттар бойынша жұмыс істеуде.Бұдан бөлек, негізгі басымдықтардың бірі ретінде жасанды интеллекттің дамуын талқыладық және Бас хатшының орынбасарына Smart Data Ukimet жүйесін таныстырдық. Сондай-ақ, өз функцияларын жасанды интеллект және блокчейндер сияқты озық цифрлық технологияларды пайдаланумен байланысты цифрлық шешімдерді ұсынуға ғана емес, сонымен қатар осындай озық шешімдерді басқа да елдерге мүмкіндігінше ұсынуды көздейтін Цифрлық шешімдер орталығын құру идеясы туралы айттым". Бағдат Мусин

Министр кездесу соңында Гилл мырзаны digital Bridge-2023 форумына шақырғанын да айтады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: