Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдат Мусин қызметінде қалды

Бағдат Мусин қызметінде қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.02.2024 18:45 Сурет: primeminister.kz
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

2004 жылы С. Демирел атындағы университетті «Есептеу техникасын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2004-2007 жылдары — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында инженер-бағдарламашы, куәландыру орталығы бөлімінің басшысы, мемлекеттік органдарда АT бөлімшелер құру департаменті директорының орынбасары.

2004-2007 жылдары — «AMANAT-insurance» БК» акционерлік қоғамында ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесші-консультант.

2007-2010 жылдары — Әділет министрінің ақпараттық технологиялар жөніндегі кеңесшісі және ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.

2010-2011 жылдары — Байланыс және ақпарат министрлігінде Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары. 

2011-2014 жылдары — Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін басқарды.

2018-2019 жылдары — Bi Group құрылыс холдингі басқарма төрағасының орынбасары және корпоративтік-венчурлік қордың басшысы.

2019-2020 жылдары — АТ-кәсіпкер, ReKassa, Tastamat және басқа да АT-стартаптардың тең негізін қалаушы.

2020 жылғы наурыз-шілде аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі. 

2020 жылғы шілде-қыркүйек аралығында — ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасары.

2020 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды.

ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына қайта тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып қайта тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда  Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: