Қытай орбитадағы жаңа станциясына алғашқы экипажын ұшырды

AP
Кеме елдің солтүстігіндегі Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды.

Қытай алғашқы экипажын Жер орбитасындағы жаңа станциясына ұшырды. "Шэньчжоу-12" ғарыш кемесі "Чанчжэн-2F" зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Кеме елдің солтүстігіндегі Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылды.

Ғарыш кемесінде үш адам бар. Олар орбитада үш ай болады.

Экипаж құрамында 56 жастағы Не Хайшэн, 54 жастағы Лю Бомин және 45 жастағы Тан Хунбо бар. Хайшэн бұған дейін екі мәрте ғарышқа ұшса, Бомин ғарышта бір рет болған. Хунбо алғаш рет ғарышқа көтерілді.

Олар ашық ғарышқа екі рет шығып, станция жұмысын тексереді және робот манипуляторды сынақтан өткізеді.

Қытайдың жаңа "Тяньгун" ("Аспандағы сарай") ғарыш станциясы орбитаға биыл сәуірде шығарылды. Онда үш адам өмір сүретін орын бар. Станцияға екі жылда екі зертхана қосылады. Сол кезде станцияның жалпы салмағы жүз тонна болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды