10 жылдан соң смартфондар итаяқ болып қалады - сарапшы

Ол ұялы телефонды чип секілді сенімсіз технология деп санайды.

Veon сандық өнімдерінің директоры Джордж Хелд смартфонды адамдар 10 жылдан кейін қоқысқа тастайтынын айтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ол РИА Новостиге берген сұқбатында айтты.

Veon топ-менеджерінің айтуынша, қазіргі уақытта ұялы телефон, шын мәнінде, адамға ақпарат алу және желіні шарлау үшін қолданылады. Бірақ, сарапшы атап өткендей, болашақта адамның жеке басын саусақ ізі мен дауысы арқылы анықтауға, ал ақпаратты көз алдындағы қабырға немесе әйнектен IoT сенсоры көмегімен көруге болады екен.

Сондықтан телефон қоқысқа айналуы мүмкін. 10 жылдан кейін ол жойылады. Оның орнын біз - адамдар алмастырады. Қала орталығында адасып кеткен апамызға, мысалы қоңырау шалудың қажеті жоқ. Ол қабырғадағы құрылғыға: "Үйге қалай жетуіме болады" деп сұраса, оған сол қабырғадан үйіне бағыт көрсетіледі, - дейді Джордж Хелд.

Оның үстіне, ол ұялы телефонды чип секілді сенімсіз технология деп санайды.

Жаңа технологиялармен тәжірибе жасау қажет, бірақ олардың көпшілігі қажет нәрселер емес. Біз телефонды қоңырау шалу үшін қолданамыз, бірақ 10 жылдан кейін ондай әдеттен арылатынымызға сенімдімін. Үй телефоны секілді, - дейді Джордж Хелд.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: