YouTube Ресейдің мемлекеттік БАҚ арналарын бұғаттай бастады

Сурет: pixabay
YouTube видеохостингі мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ресейлік БАҚ аккаунттарын бұғаттайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Twitter-дегі YoutubeInsider парақшасында жарияланған видеохостингі мәлімдемесінде айтылған.

Қазір біз бүкіл әлемдегі Ресейдің мемлекеттік БАҚ-тарымен байланысты YouTube-тегі арналарды бұғаттап жатырмыз. Мәлімдеме мәтіні

10 наурызда YouTube ресейлік пайдаланушылар үшін монетизация жүргізудің барлық мүмкіндіктерінің көзін жойды, оның ішінде Premium-ға жазылу, демеушілік, суперчат, суперстикерлер және "мерч" сияқты құралдар да бар. Бұл туралы ресейлік авторларға алдын ала ескерту жолданды. Хабарламада бұл өзгерістер Ресейден тыс көрермендерге қатысты болмайтындығы айтылған.

Бұған дейін YouTube платформасы "Төтенше жағдайлар" мен Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресей пайдаланушылары үшін жарнама тетігіне қолжетімділікті жойды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі