АЭС салынуы ықтимал Үлкен ауылы туралы не білеміз

Сурет: pixabay
Жақында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан АЭС-ті Алматы облысында Балқаш көліне жақын орналасқан Үлкен ауылының маңында салуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АЭС-тің Үлкен ауылында салыну ықтималдылығы туралы ақпарат үш жылға жуық уақыт бойына талқыланып келеді.

Қалалық типтегі ауыл Алматы облысының картасында 1984 жылы пайда болды. Ол Алматыдан 320 шақырым қашықтықта орналасқан.

1986 жылы бұл ауыл Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының құрамынан бөлініп, Алматы облысы Күрті ауданына берілді. Сол кезде ауылға Үлкен деген атау берілген.

Әу, баста ауыл 25 мың тұрғынға шақталып есептелген. Нақтысында, ең дамыған жылдарының өзінде мұнда тек 10 мың адам өмір сүрді.

Жергілікті тұрғындар салынуын жылдар бойы күткен ГРЭС жұмысшыларында арналып мұнда көпқабатты үйлер салынған.

1999 жылы ауыл халқы шамамен 3 мың адамнан тұрды, ал қазіргі уақытта шамамен осының жартысын ғана құрайды.

Балқаш көлінің жағасында орналасқандықтан ауыл адамдары балық аулаумен айналысып, тіршілік етеді. Ауылда басқа жұмыс түрі жоқ.

АЭС салынатын ықтимал территория - күзетілетін, қоршалған аймақ. Көл одан 26 шақырым қашықтықта орналасқан. Алдын ала ақпарат бойынша, Балқаштағы су атом реакторларын салқындату үшін пайдаланылатын болады.

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, құрылысты бастамас бұрын болашақта АЭС жұмысына әсер ететін бірқатар аспектілерді зерттеп, технологияны таңдау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды