МТҚ тек бір айда, яғни 5 қыркүйектен 5 қазанға дейін 20 миллионға жуық кибершабуылға тойтарыс берілгенін нақтылап өтті.
Бүгінгі таңда қауіп-қатер деңгейін төмендету үшін нақты уақыт режимінде барлық желілік трафиктерге талдау жүргізіліп, әрбір пакет тексерілуде. "Киберқалқан" зиянды трафик пен зиянды бағдарламалық жасақтаманы сүзу арқылы ішкі және сыртқы периметрлік шабуылдарға тойтарыс береді. "МТҚ" АҚ баспасөз қызметі
Мемлекеттік техникалық қызмет кибершабуылдар Қазақстандағы сайлау кезеңінің басталуымен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.
Мұндай шабуылдардың басты көздегені Қазнет инфрақұрылымдарының жұмысын түбегейлі бұзу болуы мүмкін. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. "МТҚ" АҚ баспасөз қызметі
DDoS шабуылдарға вирусы бар компьютерлер мен ботнеттер деп аталатын IoT құрылғылардың желілері қолданылғаны айтылады.
Қазіргі уақытта "Киберқалқан" күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр. "МТҚ" АҚ баспасөз қызметі
Айта кетсек, Қазнетке алғаш рет DDoS шабуылдар жасалғаны туралы 25 қыркүйекте белгілі болды. "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ кибершабуылдар байланыс операторларының магистральдық арналарында жүктеменің артуына әкеліп соққанын хабарлады.
28 қыркүйекте таңертең ел өңірлерінде азаматтар Tele2, Kcell және Beeline Қазақстан байланыс операторлары ұсынатын интернеттің дұрыс жұмыс істемей жатқандығына шағымданды. Редакциямызға байланыс операторларының бірінің баспасөз қызметі желі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын, туындаған мәселенің өздеріне қатысы жоқ екенін, оның жаһандық сипатқа ие екенін атап өтті.
Интернет жұмысындағы ақау Алматы және Атырау әуежайларында рейстердің кешігуіне түрткі болды, себебі рейстерге тіркеу қолмен жүргізілді.
"МТҚ" АҚ кейіннен Қазнетке, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың сайттарына бірнеше күн бойы кибершабуылдар жасалып жатқанын хабарлады, бұл интернет жұмысының баяулауына әкеліп соқты. Мемлекеттік техникалық қызмет кибершабуылдар елімізде және әлемде болып жатқан қоғамдық оқиғалармен байланысты деп болжайды.
"МТҚ" АҚ Қазнетке жасалған хакерлік шабуылдардың егжей-тегжейлі мәліметін жариялады: зиянды белсенділік алғаш рет 24 қыркүйекте байқалды және ол үдемесе басылмаған, ал шабуылдың ең белсенді қарқыны 28 қыркүйекте тіркелді. DDOS шабуылдарға вирусы бар компьютерлер мен ботнеттер деп аталатын IoT құрылғыларының желілері қолданылған.
29 қыркүйекте таңертең "Мемлекеттік техникалық қызмет" АҚ Қазнетке жаппай кибершабуылдар жасалғанын хабарлады.
30 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазнетке жасалған кибершабуылдарға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, белгілі бір сыртқы күштер осылайша қиындық туғызуға ниетті.
4 қазанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет дәлізінде журналистерге Қазнетке жасалған хакерлік шабуылдарға қатысты түсініктеме берді. Ол министрлікте бұл DDoS шабуылдардың қайдан жасалып жатқандығы, оның артында қандай ұйым тұрғаны туралы ақпарат жоқ екенін атап өтті, өйткені бұл үшін прокси және VPN серверлері қолданылады.