Илон Маск Twitter контентін модернизациялау саясатына өзгеріс енгізілетінін айтты

Сурет: Facebook/Elon Musk: SpaceX, Tesla, Solar City
Twitter әртүрлі көзқарастардағы контентті модерациялау бойынша кеңес құрды. Бұл туралы әлеуметтік желінің жаңа басшысы, америкалық миллиардер Илон Маск айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл кеңес құрылып, жұмысқа кіріскенше бұғатталған аккаунтардың мазмұны немесе оны қалпына келтіру бойынша маңызды шешімдер қабылданбайды, деп атап өтті ол.

Баршаға түсінікті болу үшін, нақтылап айта кетейін, біз Twitter-дің контентін модернизациялау саясатына әлі ешқандай өзгеріс енгізген жоқпыз, - деп жазды Илон Маск.

28 қазанда Илон Масктың Twitter басшылығына келгені белгілі болды, ал Twitter-дің алдындағы бас директоры Параг Агравал мен қаржы жөніндегі төрағасы Нед Сегал компанияның Сан-Францискодағы штаб-пәтерінен кетуге мәжбүр болды.

Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін сатып алғаннан кейін ең бірінші болып кадрлық мәселеге жең түре кірісті. Ол компанияның топ-менеджерлерін жұмыстан босатқаны хабарланды. Атап айтқанда, Twitter-дің бас директоры Параг Агравал, қаржы директоры Нед Сигал мен құқықтық саясат, сенім және қауіпсіздік бөлімінің басшысы Виджайя Гадде қызметінен босатылды. Маск аталған үш адамның платформадағы фейк аккаунттардың санына байланысты дұрыс ақпарат бермей өзін әрі инвесторларды шатастырды деп айыптады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды